Таштемір
Оператор call-центра (Қазақ тілінде)
- Телефонные переговоры
- Работа с большим объемом информации
- Навыки продаж
- Навыки переговоров
- Умение работать в коллективе
- Точность и внимательность к деталям
INSTINCT | Сату менеджері (Ыстық лидтер)
Бастықтың көңіл-күйіне емес, тек өз еңбегіңе қарай табыс тапқың келе ме? INSTINCT командасына сатуға деген құштарлығы бар, нәтижеге аш адамдар керек!
Біз денсаулық саласындағы ең өтімді тауарларды сатамыз. Біз көп сатудың құпиясын білеміз және қазір бизнесті масштабтап жатырмыз. Бізбен бірге өсіп, үлкен ақша тапқысы келетіндер қажет.
Біз не ұсынамыз:
-
Шектеусіз табыс: Тұрақты оклад + мықты бонустар. Табыста «төбе» жоқ. Төлемдер уақытылы.
-
Клиент іздеп бас ауыртпайсың: Біз сені ыстық лидтермен көміп тастаймыз. Клиенттер тауарды көрген, өздері өтінім қалдырған және қоңырау күтіп отыр. Ешқандай «суық» қоңыраулар болмайды.
-
Үздік оқыту: Тәжірибеңнің болмауы маңызды емес. Бәрін өзіміз үйретеміз.
-
Нәтижелі жұмыс кестесі: 6/1, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін. Иә, біз тығыз жұмыс істейміз, бірақ өте жақсы табамыз!
Сенен не талап етіледі:
-
Тәртіп (дисциплина). Сату — бұл нақты жүйе. Жұмысқа келдің, барыңды салдың, ақшаңды алдың.
-
Ақша тапсам деген үлкен ынта. Егер саған аз ақша да жете берсе — біздің жолымыз екі бөлек. Бізге амбициясы бар адамдар керек.
-
Сауатты сөйлеу мәдениеті және өзіне деген сенімділік.
Уақыт жоғалтуды тоқтат. Өз күшіңе сенсең және шынымен үлкен табысқа жеткің келсе — қазір отклик жаса! Негізгі құрамдағы орындар шектеулі.